06.06.2023
  205


Автор: Әкелер күні

Әкелер күнімен құттықтаймын!

Әке деген – асқар тау десек, әрбір отбасының тірегі мен соғып тұрған жүрегіне айналған Әкелерімізді әрбір отбасының қорғаны деп мақтанышпен айта аламыз. Отбасында Әкенің орны ерекше, тым бөлек. «Бір Әкенің берген тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды» — деген мақалға құлақ түрер болсақ әрбір отбасында Әкелердің алатын орны қандай екенін сезіне аламыз. Шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеріп, отбасым деп, елім деп, жерім деп жанұшыра қызмет ететін Әкелердің барында әрбір отбасы жайқалып өскен гүлдей тамырын терең жаятыны сөзсіз. Олар отбасын асырап, бағуда да, жақсы тәлім-тәрбие беруге де міндетті адам болып табылады. Әке деген – балаласы үшін асқар тау. Әке қамқорлығын сезініп, тәлім-тәрбиесін алып өскен балалар жаман болмасы анық. Әрбір отбасының жүрегі болып саналатын Әкелерге үлкен жүк артылған десек қате айтпағанымыз болар. Расында да әрбір отбасындағы Әкелердің орны тым бөлек, Әкесі бар адамдар бақытты адам деп ауыз толтырып айтуға болады. Сондықтан әкені сыйлау, оған үлкен құрметпен, ілтипатпен қарау әрбір баланың парызы. Сондықтан ол әкеден алатын тәрбие де салиқалы әрбір бала үшін маңызы зор дүние болмақ. Әке – ұрпақтың панасы, әрбір үйдің басшысы, әрі жақсылыққа бастайтын тәрбиешісі деп білемін. Ол тек бір отбасының ғана емес, ауылдың, рудың қамқоршысы, ел ағасы болып табылады. Өмірге келген баланың әрбір сәтті қадамы әке үшін үлкен қуаныш, үлкен мәртебе, зор мақтаныш. Сол себепті де әке ақылымен жүру, ешкімнің ала жібін аттамай, адал ғұмыр кешу баланы тек жақсы болашаққа ғана әкеледі деген ойдамын. «Әкеге бағыну – аллаға бағыну» депті Мұхаммед пайғамбарымыз. Демек, әкені ренжітпей оның айтқанының үдесінен шығып отыру әрбір перзенттің басты парызы болып табылады. Ақылы мен пайымы терең аналар балаларын үнемі әкесін сыйлап, құрметтеуге бейімдеп отырады. Әкесінен тәрбие алып өскен бала, әкесін жақсы көріп, сыйлап өскен баланың болашағы жарқын болатыны сөзсіз. Аналарымыздың «Әкең ренжіп қалар», «Әкең жіберсе, бара ғой», «Әкеңе барып сәлем бер», «Әкеңнің керегін дайында» деп әкеге құрмет, қызмет етуге баланы жасынан дайындап отырса, мұндай отбасында әрдайым тәртіп, ынтымақ пен бірлік болатынына сенімім кәміл.
Әкелер күні — 1929 жылғы 19 маусымда АҚШ-та алғашқы рет өткізілді. Мұндағы басты мақсат балаларына үлгі-өнеге көрсетіп, балаларына жақсы тәрбие беріп жүрген Әкелердің құрметіне Әкелерге мерекелік күй сыйлау болатын. Арада біраз жыл өткен соң, яғни 1966 жылы дәл осы күні
АҚШ президенті Линдон Джонсон маусымның үшінші жексенбісін ұлттық Әкелер мерекесі деп жариялады. Дәстүр бойынша, жыл сайынғы мерекелік іс-шаралар кезінде мемлекет қарапайым азаматтар балаларды тәрбиелеп отырған төмен табыстары бар әкеге қолдау көрсетуге асығады. Уақыт өте келе, отбасылық құндылықтарды құрметтейтін басқа елдер де осы күні АҚШ-қа еріп, әке-шешеге құрмет көрсетудің атаулы күнін белгілей бастады. Бұл атаулы мереке біздің елімізде де пайда болып, маусым айының 3-ші жексенбісінде аталып өтілетін болды. Ендеше әрбір жылы маусым айының үшінші жексенбісінде аталып өтілетін Әкелер күні құтты болсын! Асқар таудай әкелер аман болып, әрбір үйдің тірегі, соғып тұрған жүрегі аман болсын!





Пікір жазу