06.06.2023
127
Әкелердің күнінде
Әкелердің күнінде Әкелерді,
Қуантайық жүзіне шаттық беріп.
Әке деген асыл жан мейірімді,
Отбасына жүретін бағыт беріп.
Әкелердің күнінде Әкелерді,
Құрметтейік, өмірін гүлді етейік.
Әке деген тірегі отбасының,
Тірегінің көңілін күйретпейік.
Әкелердің күнінде Әкелерге,
Ақ тілекті айтайық шын жүректен.
Әке деген жүрегі жанұяның,
Ол жүректі баурайық ақ тілекпен.