04.06.2023
107
Әкелердің күнімен құттықтаймын
Асқар тауым Әкешім, асыл әкем,
Күлімдесін жүзіңіз, қуансын тек.
Әкелердің күнімен құттықтаймын,
Ортамызда жүрші Әке сен күлімдеп.
Тәлім алып, тәрбие алып сізден,
Өзіңізге бой түзеп өсеміз біз.
Аман жүрші жан Әкем Алла жар боп,
Ой түзетер ұстазым өмірде сіз.
Немерелер сүйіңіз, шөберелер,
Жан Әкешім жар болып Жаратқаным.
Шаттық нұрын сыйласын өзіңізге,
Әрбір күні шуақты атар таңың.