01.06.2023
73
Көктұмсық
Бұлт оранып, Көктұмсық,
Тұмсығыңмен от шымшып,
Түнде таза, мөп-мөлдір
Көз жасың ба?
Төктің шық.
Балдайымның қыры сен,
Тал-қайыңнын жыры сен.
Сағым тұрса, балқитын
Қатқан қара құрыш ең.
Ойлы да едің, бойлы едің,
Желді күні сөйледің,
Көлбең-көлбең ететін
Көктемде көк көйлегің.
Таң шиілден ататын,
Күн сен жаққа бататын.
Бұлттар қонып төбеңе
Диналыс боп жататын.
Бұлтқа оранып Көктұмсық,
Тұрсы ба әлі от шымшып?!
Сағыныш-ау...
Көзімнен
Мөлдір тамшы кетті ыршып...