01.06.2023
88
Сезімім күнде жүр қалғып...
Сезімім күнде жүр қалғып,
Қалмады бойда жалын түк.
Сағынышымды тұлпар ғып
Торғайға жеттім сабылтып.
Шежіре, сыр, жыр шертілді,
Алдыма тосты ел пейілін.
Сергіді сезім, серпілді,
Көздерден жұттым мейірім.
Ақ бата беріп, қол жайған
Алғысын алдым қарттардың.
Таң алдында мен Торғайдан
Ақ сәуле мініп аттандым!