01.06.2023
  135


Автор: Серікбай Оспанов

Махаббатқа алғаш мас болып...

Махаббатқа алғаш мас болып,


Шығып ед сенде от-демім.


Жанарына ыстық жас толып,


Өзіңде қалды көктемім.


 


Өзіңде тұңғыш тартып күй,


Әнге де  алғаш салғанмын.


Біздің үй еді ең бақытты үй,


Ұясы еді асыл арманның.


 


Бес қыздың аппақ  арманын


Жалғайтын арманы анамның.


Тек іңкәр сезім жан-жағым,


Жолай алмайтын маған мұң.


 


Бұлағым


Кеше жарысқан


Қайғылы бір сыр шерткендей.


Мұңды да күңгірт


Алыстан


Бес қыздың үні жеткендей.


 


Бес түп боп көк тал өсіпті-


Қыздардың бейне тарағы.


Сұлулық көлге көшіпті-


Күн сүйіп от боп жанады.


 


Орнында қапты үйінді,


Жан толы бәрі үй еді.


Кім түзер мына күйіңді,


Ардақтым,


Ауылым киелі?!


 


Тең келер оған жалғанда


Көрем бе көркін ауылдың?!


Сауығушы едім барғанда,


Құлазып қайттым,


Ауырдым...





Пікір жазу