01.06.2023
118
Оюлы , әсем...
Оюлы , әсем,
Гүл деп адам қалатын
Көбелекті
Өлең етті сан ақын.
Жыбырлаған құрт екен ғой ол да бір,
Егер жұлып тастасаңыз қанатын.
Қырғауылдар кездескенде жолыңда,
Сұлулыққа таң –тамаша болдың ба?!
Қауырсынын, түгің жұлып тастасаң,
Айырмасы жоқ тауықтан оның да!
Дегенмен де қағаз-гүлдер солмайды,
Жансыз гүлге қоңыз да кеп қонбайды!
Басқасынан
Қызыл-жасыл боялған
Жұмыртқаның дәмі өзгеше болмайды.
Сұлулық
Қыз соры ма әлде бағы ма,
Білгің келсе, үңіліп көр жаныңа!
Сезімсіздер, ар-ұятсыз мәңгүрттер
Балта шабар бүкіл болашағыңа!