01.06.2023
  78


Автор: Серікбай Оспанов

Аспан шашты алтынды...

Аспан шашты алтынды.


Қызыл, жасыл, көгілдір,


Сары, күлгін... –


Сан түрлі


Көктем бояу төгіп жүр.


 


Ойнатады нұрымен


Күн көл бетін толқынды.


Құс біткен ән-жырымен


Маңайды үнге толтырды.


 


Ие өзге мінезге,


Ерек көктем жүзі де.


Су толады лезде


Аттың басқан ізіне.


 


Қыз көңілін өсіріп


Жайнап кеткен жер үсті.


Келгенімен кешігіп,


Қыдыруға келісті.


 


Бетіндегі иірімге


Күннің нұры құйылып,


Бүйірімде ойнайды


Сезім өртеп, үйіріп.


 


Ағаштарға


Күн керген


Түрленеді алтын жіп.


Елден


Көктем нұр берген –


Қашты қарау салқындық!





Пікір жазу