01.06.2023
  93


Автор: Серікбай Оспанов

Жұлдыздарда жарық бар ма...

Жұлдыздарда жарық бар ма,


Бар жарық!


Қараңғыны түспейді тек қақ жарып.


Тым алыстан нұрын жерге себеді,


Күндіз жоқ боп,


Түнде қайта шам жағып.


 


Бар ма,


Жоқ па қызуы оның, жалыны,


Қараңғыда жалт-жұлт ойнар сан қыры.


Күн жоғында Ай сәулелі,


Ай жоқта


Жарқырайды жұлдыздардың жарығы.


 


Қашықтағы биік емес шың да аса,


Көзі жанбас қыз күнге бет бұрмаса.


Айдан да анық көрінуі мүмкін ғой


Жұлдыз егер жерден алыс тұрмаса...





Пікір жазу