01.06.2023
  84


Автор: Серікбай Оспанов

Екі-үш жылдай тамбай көк...

Екі-үш жылдай тамбай көк,


Жағасынан ну қашып,


Үйретілген тайдай боп


Қапты Торғай жуасып.


 


Толқынды да болмашы


Жатқандай ол қаламай.


Жылай- жылай көз жасы


Таусылған қарт анадай.


 


Жуасытып тастаған


Қиын- қыстау кезең бе?!


Шабан тарта бастаған


Не болды екен өзенге?!


 


Суын кәусар тереңнің,


Қайдан іздеп табармын?


Ырысы еді ол елдің,


Ағысына алаңмын...


 


Жан-тәніңді кезген мұң,


Сәттілігі қадамның -


Бастауында өзеннің,


Негізінде адамның!





Пікір жазу