01.06.2023
  107


Автор: Серікбай Оспанов

Дауылда тал жығылса...

Дауылда тал жығылса,


Емен өжет, өр келер.


Жапырағы жұлынса,


Күн көзімен емделер.


 


Пана қылып оны елге


Жаратыпты дұрыстап.


Тамыры оны тереңде


Тіп-тік етіп тұр ұстап.


 


Сілкіп күнде тұрған жел,


Болып өсті бұл әлді.


Күш берді әрі туған жер


Топырағы құнарлы.


 


Құлайды, ол да сынады,


Жар боп бірақ тәңірі,


Қайта көктеп шығады


Тасты жарып тамыры.


 


Тұр туған ел төрінде


Басын имей тағдырға.


...Күші кімнің, ненің де –


Топырақта,


Тамырда!





Пікір жазу