01.06.2023
  67


Автор: Серікбай Оспанов

Кебуі-ай таңдайымның...

Кебуі-ай таңдайымның,


Алматы.


Күн ысып тұр.


Көшеде тал,


қайыңның


Белдері құнысып тұр.


                                              


Ырғалып жел өкпенде,


Ұқсайды сыр ашқанға.


Нәр тілеп теректер де,


Қол созып тұр аспанға.


        


Бәрінің торыққаны


Байқалды.


Кім кінәлі?


Бұрылмақ,


Бұлқынады.


 


Тағы да ұмтылады,


Тас қамал екі жағы.


Бір құлап, бір тұрады,


Аға алмай еркін әлі...


        


Балалар – субұрқақта,


Тал, терек таңасулы.


Жапырақ судыр қақса,


Қала– шу,


Тау ашулы.


 


Қорқыныш аулақ қалған,


Ел- батыр!


Ғасыр-батыр!


Тек биыл тау жақтардан


Өзен,


Көл қашып жатыр.


 


Кең еді көңіл қандай,


Тар еді көңіл неткен?!


Қараймын шөлім қанбай,


Су іздеп төңіректен...





Пікір жазу