01.06.2023
  141


Автор: Серікбай Оспанов

Ажал – аңшы серігі...

Ажал – аңшы серігі,


Құрдым дерсің құлқынын.


Кезереді еріні,


Кезенеді мылтығын.


 


Қайтеді атып алмаса,


Обал қайда, бұл қалай?!


Танауында сары маса,


Қарауылда – құралай.


 


Қып-қызыл қан қарнында,


Қанышер-ай, кетті ұшып.


Жатты аңшының алдында


Хас сұлулық от құшып...





Пікір жазу