01.06.2023
  81


Автор: Серікбай Оспанов

Ай билейді көлге кеп...

Ай билейді көлге кеп,


Қолтықтасып толқынмен.


Қарай-қарай сен бе деп,


Көз ілмеймін сол түн мен.


 


Тереземнен түнде кеп,


Аппақ сәуле енеді.


Сен сәуле боп жүр ме деп,


Ұйқым қаша береді.


 


Тереземді жел де ұрып,


Мазақ етіп шығады.


Өзің болып келді үміт,


Құшағыма құлады.


 


Сен деп қалып бәрін мен,


Қаншама рет алдандым.


Жатам солай, жаным, мен


Құшағында арманның.


 


Жарты Ай сен деп ойлаймын,


Мен де сенсіз жартымын.


Неге бүтін болмаймын


Өзіңменен, жарқыным?!





Пікір жазу