31.05.2023
  156


Автор: Серікбай Оспанов

Туған елдің самалы-ай...

Оң жағымнан бір шығып,


Сол жағымнан бір шығып,


Жолдың құмын ысырып,


Шаңын қағып,


Ұшырып,


Кәусарына қандырып,


Шилерге ән салдырып,


Қурайға күй тарттырып,


Шыр айналды аптығып.


 


Қайта-қайта ұмсынып,


Құшақтайды құлшынып.


 


Сипап өтіп қолымнан,


Қуып жетіп соңымнан,


Қайта шығып солымнан,


Орағытып оңымнан,


Талға сәлем жасатып,


Барлық гүлді билетіп,


Адам силауды үйретіп,


Оралады ол жылдам.


Шаршағанда дем беріп,


Тұрғызады орнымнан.


 


Аймалаған анадай,


Еркелеген баладай.


Беттен өпкен ағадай,


Туған елдің желін-ай,


Туған елдің самалы-ай!





Пікір жазу