31.05.2023
91
Ақсақ киік
Кеткенде домбырадан күй ағылып,
Қондырам
жүрегімді ұя қылып.
Қос ішек безілдейді
Саусақ емес
Жатқандай ақсақ киік тұяғы ұрып.
Сол сәтте байқалады бақсаң қайғы,
Киік боп нәзік саусақ ақсаңдайды.
Үнімен сезіміңді оятып ап,
Басыңды көтертеді жатсаң жайлы.
Көңілде күнің болса мұңданасың,
Аянышты мына үннен үлгі аласың.
Кім екен дейді сонда жүрегіңіз
Қазақтың күңіренткен бұл даласын?!
Бар ма еді елде кегің, ерде кегің,
Зұлымдық, қайдасың сен, жерде ме едің?!
Соны іздеп аласұрған бес саусағым
Тінтіп жүр домбыраның пернелерін!