31.05.2023
  79


Автор: Серікбай Оспанов

Зеренді

Жап-жасыл дала – жасыл теңіз жағалай,


Жасыл әлемде – аппақ қайың, қарағай.


Төсінде бүгін «Сарыарқа» күйі шертіліп,


Дүбір де дүбір тартылып жатыр сан «Адай».


 


Тамылжып әлем табиғат бүкіл тұр еріп,


Тауларың әсте тұрмайды екен түнеріп.


Бала күнгі бал махаббатымды еске сап,


Көз ұшында жалт ете қалды бір елік.


 


Ойға да, қырға, орманға, гүлге қараңыз,


Бәрі де өлең, бәрі де ән, бәрі аңыз.


Көрікті болып, талантты болып туған Ер –


Өзіңе тартқан екен-ау Мәлік ағамыз!


 


Тудырдың ақын, тудырдың қанша сен ерді,


Ерлікке бастап келесің әр кез кең елді.


Зерлі далаңа зергер диқандар дән сепкен,


Махабатымсың,


Әл, қанатымсың, Зеренді!





Пікір жазу