31.05.2023
  79


Автор: Серікбай Оспанов

Тастағы қарағайлар

Мекендеп  құзды, қияны,


Қарағай басы  бұлт іліп,


Қадалып  тасқа тұяғы,


Шыңдарға  қарай  ұмтылып,


 


Тәкаппар   қарап   төменге,


Нәр алып қара тастан да,


Ұмтылады  екен тек  өрге


Қол созып заңғар аспанға.


 


Көкшенің   көкшіл   аспаны


Шуағын төксе сан ғасыр,


Қарағайлардың   тастағы


Жапырақтары   жап-жасыл.


 


Қиындықтарға   қарамай,


Жұмарлап   салып   астына,


Құдірет пе екен қарағай,


Иіткен қара тасты да?!


 


Қалаған   оның   өскенін,


Шығарып   шыңға – басына,


Көрікті   мына   Көкшенің


Құдірет  әлде  тасы  ма?!





Пікір жазу