31.05.2023
  99


Автор: Серікбай Оспанов

Көрген жоқпын қырындай асылды мен...

Көрген жоқпын қырындай асылды мен,


Сап-сары зер,


Айнала жасыл кілем.


Сап-сары зер – ырысым,


Жасыл – жайлау,


Келген сайын құшағың ашылды кең.


 


Қаһарманым,


Аруым,


Хас сұлуым,


Жарып шыққан көгеріп тасты нуың.


Арқасында еріңнің қаһармансың,


Арқасы ғой еліңнің жас тұруың.


 


Хас сұлуым,


Көріктім,


Көкшем дедім,


Елге сендім,


Басқадай жоқ сенгенім.


Өрге тартқан өзіңнің өміріңді


Арманым жоқ жыр етіп өтсем менің!





Пікір жазу