31.05.2023
74
Көкше
Шашын таранып, қарап айдынға,
Өседі сұлу қарағай мұнда.
Қыздырынады қара тастар да,
Жамбастай жатып жағалай құмға.
Қиял-ғажайып мөп-мөлдір көлі,
Жазы мен күзі – көктем күндері!
Қып-қызыл шоқтан айнымай қалар
Мамырда қырға өскен гүлдері.
Көркіне кісі қарап тойғандай,
Жағалай орман қамапты ойлардай.
Әдейі біреу тау етіп үйіп,
Текше тастарды қалап қойғандай.
Тұңғыш рет біз барып тұрсақ та,
Ол әлдиледі алып құшаққа.
Табиғат атты арқалы ақынның
Жазған жыры бұл шабытты шақта!
Алты ай жаз бойы жері шаң болмай,
Қорғайды ағаш сені сан қолдай.
Мынадай елде,
Мынадай жерде
Айып қой туу Сері, Сал болмай!