31.05.2023
  75


Автор: Серікбай Оспанов

Өз әуені, бар еді  өз өлеңі...

Өз әуені, бар еді  өз өлеңі,


Екі ауылдың ортасы өзен еді.


Бір-бірімен заманнан құдандалы,


Келген кісі айтпай-ақ сезер еді.


 


Екі ауылды бір өзен қақ бөледі,


Бір өзенді екі ауыл бақ көреді.


Бергі беті – ежелгі Торғай елі,


Арғы беті – тарылы Ақтөбе еді.


 


Екі ауылды бір өзен қақ бөледі,


Арғы бетті бергі бет бақ көреді.


Ауылда да ару көп,


Ал жігіттер


Ақтөбеден келіншек ап келеді.


 


Екі ауылды бір өзен қақ бөледі,


Құдашаның құлақта тәтті өлеңі.


Арман толы жанарым арғы бетте...


Таланыма қандай қыз тап келеді?


 


Көп барады,


Қонақтар көп келеді,


Әр иіні өзеннің өткел еді.


Арадағы көпірлер құсқа айналып,


Келе жатыр көтеріп көкке мені!





Пікір жазу