31.05.2023
  117


Автор: Серікбай Оспанов

Ақтөбе айшықтары

Жақын  біздің Торғайға


Ақтөбенің Ырғызы.


Әкетті екен жол қайда,


Ғашық еді біз қызы?


 


Екі арада өтіпті


Бозбала шақ, бала шақ.


Мүлде өзгеріп кетіпті


Жантай, Тактак, Жабасақ.


 


Сол қыз үшін шамасы...


Сағындырды Жабасақ.


Екі ауылдың арасы


Тиіп тұру-ау


Тамаша-ақ!


 


Бір-ақ дала даламыз,


Жолдар жатыр алға ұзап.


Менен сол бір қара қыз


Жырақтау жүр жалғыз-ақ!





Пікір жазу