31.05.2023
  62


Автор: Серікбай Оспанов

Бақ ішінде

Теңіз болған соң бір тасып өту керек-ақ,


Арнамнан асып атылғым көкке келеді-ақ.


Сыр шертпейсің ғой,


Сырымды тыңдай қалдым ба,


Томаға-тұйық томсырая қалдың, неге, бақ?!


 


Ынтызар жүрек риза мәңгі бұл күнге,


Тасығым келді,


Тасымай қалу мүмкін бе?!


Әсем бағым-ау, әсірелемей айт шындықты,


Біз екеуміз кіл сөйлесеміз ғой бір тілде...


 


Өзің білесің сырымды, күндей жанымды,


Қыздармен келген қырмызы гүлдей шағымды.


Бақытым болып, балқытып бүкіл бойымды,


Лапылдап, лаулап кеудемде бір от жағылды.


 


Теңізбін терең,


Телегей теңіз күлкім де,


Телегей теңіз тасымауы да мүмкін бе?


Шөліркегенге,


Сусын бола ала алсам шөлейтке,


Кеудемде жатқан осы ғой арман бұл күнде!





Пікір жазу