31.05.2023
63
Қыстау сордың қойнауында...
Қыстау сордың қойнауында
Ақ үйлер сап түзейтін.
Қой қырықса қойлы ауылда,
Біздің ауыл ат күзейтін.
Балалары иліктіріп,
Асауларды үйрететін.
Жарыссақ жүйрік мініп,
Жайлауда күй кететін.
Қымыз ішсек күлкі басып,
Күзем тойын тойлайтынбыз.
Ат үстінде жұлқыласып,
Аударыспақ ойнайтынбыз.
Сол ойындар асыл маған –
Ұқсайды екен ғұмырымыз.
...Асаулығы басылмаған,
Туған жердің құлынымыз!