31.05.2023
68
Жел
Өзіңдей мен де бір ерке едім,
Жел!
Кел,
Кел бері, тентегім!
Сенімен серуен құрайын,
Арманым –
Аппақ желкенім!
Аптапта өртеніп барамын,
Кел,
Кел,
Келсеңші, самалым!
Рақмет!
Желпідің күш беріп,
Сипалап, шашымды тарадың.
Кейде ыстық,
Кейде сен мұздайсың,
Жұлқынып шырқымды бұзбайсың.
Самалым,
Сыртымнан ғашық боп,
Көзімен сүйетін қыздайсың.
Шашасың ойыншық жиып ап,
Мінезің қызық-ақ, қиын-ақ.
Самалым,
Қаштың-ау тағы да
Бетімнен байқатпай сүйіп-ап...