31.05.2023
76
Бұлақ
Өтесің ағып
Орман мен
Шөлдерді басып не түрлі.
Бас алған жерің болғанмен,
Көргем жоқ әлі шетіңді.
Ойға да,
Қарғып дөңге де,
Арнаңнан асып,
Бұлқынып,
Сен барсаң күліп шөлге де,
Кетеді бәрі құлпырып.
Сазды бір әндей,
Өлеңдей,
Қарсы алар сені бақ күліп.
«Шөлдеген кім бар?!» дегендей,
Ағасың алға аптығып.
Тіршілік болып тарадың,
Сусындаттың да сен елді.
Гүлдеуі үшін даланың
Бересің бөліп денеңді.
Жайнаған жарқын далам бар,
Гүл толы ойлар, қыраттар...
Көп болса сендей адамдар,
Көп болса, шіркін, бұлақтар!