31.05.2023
  235


Автор: Мөлдір Тоқжанова

Баланың жүйкесіне шудың әсері

Шын мәнінде, ми ақпаратты тыныштықта тез қабылдайды.
?Герман Мелвилл жазғандай:
“Барлық терең әрекеттер мен эмоцияларға тыныштық себепші, жетелеуші де бір өзі”. Сондай-ақ, тыныштық күйзеліс пен толқуды азайтады екен.

? Шуға келетін болсақ, әрине, керісінше. Миға күйзеліс гармонын өсіріп әсерін береді. Дыбыс толқындары құлақ арқылы қабылданып, миға жетеді. Ағза тіпті ұйқыда болғанда да шуды сезеді екен.

?Егер де сіз үнемі шудың ортасында өмір сүрсеңіз, сіздің стресс гармоныңыз созылмалы түрде жоғары деңгейде деген сөз.

Корнель университетінің адам экологиясының профессоры Гэри У. Эванс әрқашан шудың арасында болған балаларда қызық құбылыс байқады.

?Бұл балалар қатты шуға көңіл аудармайтын болған. Қызығы, бұл балалар қажет емес шумен қатар, әсерлену керек яғни дыбыстарға да, мысалы, өзін шақырған кезде де мән бермейтіндігі 





Пікір жазу