30.05.2023
  214


Автор: Маржан Ершу

Көзімнен мұңды...

Көзімнен мұңды көрдің,
Көзіңнен мұңды көрдім.
Үнсіздік. Сырды тердім
Жаныма келді келгің.
Кіремін ой- орманға,
Көңілде қауіп те жоқ.
Көргенге тоя алғанға
Кім айтар айыпты деп.
Естіліп күміс даусың,
Шашыңды жел тарады.
Сен бір туған айсың
Жарық қып айналаны.
Тағдыр, адам жайы,
Кімдерді күлкі етпеген.
Көңілім алаңдайды
Мазасыз күнді өткерем.
Білмесін біздің халді,
Сызданар мұздап іштер.
Бұл дүние кімді ұғар-ды
Сырлас боп қызғанышпен.
Қашпайды сезім , сірә,
Қашады бой аулаққа.
Жүрегім-жүрегіңде
Сені мені солай сақта...




Пікір жазу