30.05.2023
187
Апельсин!
Апельсин!
Сен тәттісің! Әлде сен шекермісің?
Сен балсың! Мүмкін шәрбат екенбісің?!
Тамсанып ,таңырқап мен отырғанда
Тілімде еріп кетермісің?!
Көркемсің сен томпиған түрің әсем,
Исің қандай! Қолға ұстап иіскеймін десем.
Апельсинді көргенде тағат бар ма
Бір сұмдық ой тұрады: «Жесем , жесем».
Сен көрініп ұмыттым тағы мұңды,
Көрінбесең бастармын сағынуды.
Сен дегенде жүректе жалын ойнап
Ұмыттым жабығуды, қамығуды
Мені ынтызар өзіңе қылдың нағып?!
Айды нұрлы еттің бе күнді жарық.
Бір тартылыс күшімен саған қарай,
Жүгіреді жүрегім бүлкіл қағып
Сені көріп бір суып, ысынғаным,
Ысынғаным, бәлкім бұл қысылғаным.
Үңілсең, жанарыңның ішіндемін.
Сезінсең, жастығыңның тысындамын.
Қайда кетті өрлігім, сана-күшім?
Жүрегімді лаулатып барамысың?!
Жиелейді менің де дем алысым
Жиелейді сенің де дем алысың.
Тілім күйіп, үздігіп жанымдеппін.
Жанарымнан лаулатып жалын төктім.
«Жесем» десем, жей алмай сорлы басым
Құшағыңда қанттай боп еріп кеттім....