30.05.2023
  130


Автор: Маржан Ершу

Түнде түс көрдім

Түнде түс көрдім.
Хауыздың шетінде отырған екенбіз
Ең таза, тұнықта – екеуміз.
Суда ашылар  гүлге ұқсас екенбіз
Су дауысындай ән салдық екеуміз.
Рахат сезімнің құшағында екенбіз
Өмірдің ғажайып нүктесі – екеуміз.
Кеңістік, Жерден де хабарсыз екенбіз
Киялмен ұшамыз көкте де екеуміз.
Кенет… басталды басқа әуен,
Суға аққан ып-ыстық жас көрем.
Ішімізге – судың салқындығы кірді,
Көзімізде – судың тереңдігі тұрды.
Ақылды жанға ұқсас екенбіз
Осы біз қандаймыз? Қайтейік екеуміз?!
Судай тереңбіз, судай салқынбыз екеуміз
Өң түгіл, түсте де сағынып жүреді екенбіз... 




Пікір жазу