28.05.2023
87
Қала мен ауыл
Қадірлі ғой қала да,
Бақ боп мені тұсады.
Сағынышым сарыала
Хат боп елге ұшады.
Қала да бұл құшады,
Жетелейді жолы алға.
Ауылымның құшағы
Кеңірек қой одан да!
Елге бармай болмас деп,
Жатам бір-ақ уыс боп.
Астанада жолдас көп,
Ауылымда туыс көп.
Қүнде көрем арманмен
Жауыны мен дауылын...
Қала асырап алғанмен,
Туған Анам – Ауылым!