28.05.2023
85
![](/uploads/shorttexts/author_image/mrm.png)
Күн мен Жердің махаббаты оянып...
Күн мен Жердің махаббаты оянып,
Жер құлпырып шыға келді боянып.
Күн қызуы тас жолдарды балқытып,
Жіберді бір кең кеудені шалқытып.
Ару – Күннен Жігіт – Жерім нәр алды,
Махаббаттан Жаз бен Көктем жаралды.
Кел, құрбым-ау, жасыл шалғын кешейік,
Көктем мен Жаз кетеді ертең есейіп.