28.05.2023
83
Өзім еккен жас шыбық...
Өзім еккен жас шыбық
Енді мені састырып,
Тереземнен қарайды.
Желмен шашын тарайды.
Жай-күйімді байқайды,
Үнсіз басын шайқайды.
Кей күндері ол – ерке,
Жазда жақсы көлеңке.
Келе жатыр жылда өсіп,
Немеремді көреді,
Шөберемді көреді,
Төнер әлі төбеден.
Бақытты ағаш не деген?!