28.05.2023
  94


Автор: Серікбай Оспанов

Көктемде күн құлпырады...

Көктемде күн құлпырады,


Жер бетінде нұр тұнады.


Бар тіршілік қайта гүлдеп,


Күн көзіне ұмтылады.


 


Көктем күні құбылмалы,


Таң атқалы жылынбады.


Тал, теректің, тас жолдардың,


Ақ тамшылар – бүгінгі әні.


 


Қара жерді шегелеген –


Сылбыр жаңбыр себелеген.


Қыз бен жігіт ұйқасады –


Көше кезіп келеді өлең!





Пікір жазу