28.05.2023
  91


Автор: Серікбай Оспанов

Көңілімді бірде жер, бірде аспан қып

Көңілімді бірде жер, бірде аспан қып,


Ақшақұмда қалды бір құм басқан жұрт.


Атамекенді аймалап көңілім-аспан,


Жер болады ол жаза алмай жыр- дастан қып!


 


Қасіретті,


Болса да қанша мұңды,


Құм басқан жұрт аударар аңсарымды.


Ата-бабам бөленген алтын бесік,


Ақ сағымды сағындым Ақшақұмды.


 


Атса таңым, есімде батса күнім,


Өсіп шығар жер едің тасқа гүлің!


Адамзаттың зар болып мейріміне,


Жатырсың ба шөліркеп, Ақшақұмым?!


 


Әр төбеңде-мәртебем, құмшығың-бақ,


Ата-бабам тарихын тұршы жырлап!


Тәнім менің жүргенмен сенен алыс,


Жаным сенің далаңда жүр шырылдап!





Пікір жазу