28.05.2023
85

Ақшамқұм
Жүріппін қарын қамы, бас қамында,
Сағындым құмдарын да, тастарын да.
Бұл күнде елеусіз де, елсіз мекен
Аңсарым ауып отыр Ақшақұмға.
Көп жайды аңғармайсың жас шағыңда,
Бәрі айтқан – дүние өтті қас қағымда.
Бүр жарып сол мекенде әкем өскен,
Бір барып қайтсам еді Ақшақұмға.
Ішім де, астаң-кестең аспаным да,
Алпыстың көрем ертең асқарын да.
Бабалар бейітіне құран оқып,
Барғаным дұрыс еді Ақшақұмға!
Бабамның жастық шағы – жас талында,
Анамның ақ шәлісі – аспанында,
Аяулы атамекен Ақшақұмда
Айналып кетсем, шіркін, ақ сағымға!..