28.05.2023
  104


Автор: Серікбай Оспанов

Суықбұлақ

Майда толқын жүгіретін


Бірін-бірі қуып құлап.


Қалды ма екен суретім


Айдыныңда, Суықбұлақ?


                                                                                 


 


Суықбұлақтың жағасы


Жағалай біткен қалың тал.


Айналаңа қарашы,


Алыстап кетсең, сағынтар.


 


Суықбұлақта бар алап


Қара жерсіз, қалың қар.


Ауылдарды аралап


Көктемде су жарылқар.


 


Су жоқ шығар жалғанда,


Суықбұлақтың суындай!


Батам кейде арманға,


Әр бұтасы туымдай.


 


Көрші суын бір жұтып,


Бірқалыпты тұрады –


Таңдайыңды жібітіп,


Маңдайыңнан шығады!


 


Әдемі ол әрдайым


Қоймайды елді таң қылмай.


Теңесер тек Балдайым,


Жер жоқ басқа дәл мұндай!


 


Ауыл неге көңілсіз,


Айтшы маған мән-жайын!


Жібімейді өзіңсіз


Кеберсиді таңдайым!





Пікір жазу