28.05.2023
  167


Автор: Серікбай Оспанов

Сағынып келдім, туған жер, саған сүйінем...

Сағынып келдім, туған жер, саған сүйінем,


Балдайдың тауы, сен неткен сонша биік ең?!


Асыр сап өстім тасыңнан тасқа секіріп,


Бір кезде жүйрік баурында жүрген киік ем.


 


Аблығып тұрмын, балаң ем ерке, иілем,


Жыр тербеп кеттім сағыныш көңіл-күйімен.


Анау көк аспан,


Мынау жатқан мақпал бел,


Төсегім едің,


Жастығым едің,


Үйім ең.


 


Ағатын сонау күндіз де түн де көз ілмей,


Бұлағың бұла жүгіруші еді өзімдей.


Сағыныш сазын ақтарар ма едің, туған жер,


Тұрсың ғой, әттең, бір ауыз ғана сөз білмей.


 


Балдайым едің, балдайсың маған әрқашан,


Мен білмей өскен қандай бір сенің бар тасаң?


...Нөсерің болып құйып тек өтсем үстіңнен,


Найзағай болып жарқ етіп, көңіл, тарқасаң?!





Пікір жазу