28.05.2023
  111


Автор: Серікбай Оспанов

Балдай

Балдайдың жері балқашты,


Әр шұқыр – бұлақ мөп-мөлдір.


Балдайдың тауы жартасты,


Өңіріне өжет өскен гүл.


 


Тау атап кеткен тұрғыны,


Тау емес, Балдай, – биік қыр.


Баурында өскен  бір гүлі


Мен үшін көкке тиіп тұр.


 


Бұлақтың ән мен күйлері


Армандарымды жалғаған.


Балдайдың жері жиделі,


Балдайдың суы бал маған.


 


Бала кез сансыз ойландым,


Сұрадым талай таныстан.


Балдай деп атын қойған кім?


Қойған ғой адам данышпан!


 


Таба алмас одан адам мін,


Бұлағы – мөлдір,


Дала – кең...


Бақыты ата-бабамның,


Болса ғой сендей бар әлем!





Пікір жазу