28.05.2023
  64


Автор: Серікбай Оспанов

Біздің ауыл шалғайда...

Біздің ауыл шалғайда:


Шалғыны белден келетін,


Самалы беттен өбетін,


Жері жанат Балдайда.


 


Біздің ауыл шалғайда:


Кілемі – белес-белдері,


Өрнегі – өзен-көлдері,


Елі жомарт Балдайда.


 


Біздің ауыл шалғайда:


Қырлары сағым билеткен,


Үйлерін бір-бір күйме еткен


Бақты мекен Балдайда.


 


Біздің ауыл шалғайда:


Жидесі жұпар аңқитын,


Шабытың желдей шалқитын


Тәтті мекен Балдайда!





Пікір жазу