28.05.2023
90
Тәтті мекен
Бала кезде арылмаушы ем күнде ойдан:
«Балдай, осы атыңды алғаш кім қойған?!»
«Сонша тәтті бола ма екен жер деген?!»
«Қант, кәмпит бар ма тыққан бір қоймаң?!
«Нең бар балдай,
Не нәрсеңмен тәттісің,
Арманбысың,
Не сырың бар,
Бақпысың?!»
«Құнарлырақ шығар сенде топырақ?!»
Жұмбақ болып талай жылдар жатты шың...
Ойша ғана өзіңменен сырласып,
Ұлың сенің қазір енді жүр қашық.
Сезіп келем: балдай екен туған жер,
Балдай екен суың сенің бір қасық!