28.05.2023
  86


Автор: Серікбай Оспанов

Жан-жағыңа қарашы бір...

Жан-жағыңа қарашы бір,


Қарашы бір, қалқам-ай.


Қазағымның, даласы бұл


Әр ай сайын әр қалай.


 


Қалай-қалай құбылады


Күн көзімен жер күліп.


Жапырақтар жылынады


Ағаштардан секіріп.


 


Жапырақтар жасыл, сары,


Қызғылт, күлгін... –  сан түрлі.


Табиғаттың асыл шағы


Күз ғой, шіркін, алтынды.


 


Шеберлері қылқаламның


Жазып жатыр тамсана.


Мен де сансыз жырлағанмын,


Төктім терді қаншама?!


 


Жеткізіп тек айта алсам-шы,


Сұлулығы сондай-ау!


Ей, суретші, қайта салшы,


Аз ғой оған он бояу!





Пікір жазу