28.05.2023
  87


Автор: Серікбай Оспанов

Таң алдында

Жел жұлқылаған жапырақ құлады,


Серігі қорқып қалтырап тұр әлі.


 


Бұлттанды неге, көк қаралы ма?


Шулады терек, жоқтағаны ма?


 


Иілді қайың, ұққан досы ма?


Мөлдір шық тамды, шыққан жасы ма?


 


...Тіршілік бұл бір таң алдындағы,


Өмір осы деп маған да ымдады...


 


Жүрегім болып мұң дірілдеді,


Тілегім болып Күн күлімдеді...





Пікір жазу