28.05.2023
  115


Автор: Бақберген Рахым

Бақыттан әр кез кеш қалам

Бақыттан әр кез кеш қалам,
Әйтеуір, өмір өш маған.
Ұялым сыңғыр етсе де,
Бірінші сені еске алам.

Жырымды, жаным, қозғасам,
Жалыным сенсің маздасам.
Жарылып кете жаздаймын,
Онлайн болып, жазбасаң.

Қуып жүрмін бе, бос елес?
Әлі де, айтшы, кеш емес.
Ұялым неге тып-тыныш,
Жазасың қашан SMS?


 





Пікір жазу