27.05.2023
  99


Автор: Серікбай Оспанов

Киік

Тобылғылы Торғайда


Таудан биік қырлар бар.


Көз жеткізбес ол қайда,


Шолса шығып тұрғандар.


 


Жүрегімді жырлатты


Сол әдемі биік қыр.


Биік қырда сымбатты


Киелі, әне, киік тұр.


 


Қаз мойынын бұрған не,


Жаутаңдайды маңайға.


Күдіктеніп тұр ма әлде,


Үміттеніп қарай ма?!


 


Көкпеңбек боп тұр алап,


Көкек ғұмыр санайды.


Қап-қара ажал сығалап


Қара тастан қарайды...





Пікір жазу