27.05.2023
87
Аспанды құстар шу қылып...
Аспанды құстар шу қылып,
Арықтан асау су жүріп,
Қара жер қармен қоштасып,
Жылады жасқа булығып.
Сансыз жылға – сан арман.
От ұшып көлден –
Жанардан,
Күн ысып, алтын кірпігі
Қырқаны құшып қадалған.
Қадалып қырға,
Жер шалған
Үміт күтеді ел шамнан.
Ерекше көктем көңілді
Қаһарлы қыстан енші алған.
Ұлдардың күлкі жүзінде –
Бәрі қыздардың ізінде.
Бұтаға ілініп тамшы тұр,
Мөп-мөлдір әлде жүзім бе?!
Күн нұры түскен шағында
Оранды ол алтын жалынға.
Жарқылдап, жанып гауһардай,
Айналды асыл лағылға...
Жанарың өпкен шағында
Осындай менің жаным да!