27.05.2023
94
Жарда тұр м...
Жарда тұр терек.
Уыстағаны қара жер,
Не істеуі керек?!
Өтеді күнде қарап ел.
Тамырлары оның
Адамның қолына ұқсайды,
Ал, Адам, қолың
Қысылсаң бәрін ұстайды...
Жылда құлаған
Құз-жардан тамыр тұр шығып –
Жәрдем сұраған
Ілініп зорға Тіршілік...