27.05.2023
108
Таңғы сурет
Таралып таңғы сәуле тал басына,
Атамның мініп апты арбасына.
Шашылған үй алдында шөп қиқымы
Көк шайдың ұқсайды екен шамбасына.
Таңда бір көлеңкенің бойы өседі,
Жер мен жел сыбыр-күбір сөйлеседі.
Ұйқыдан жаңа оянған алып батыр –
Түнеріп тау әлі де ой кешеді.
Шаңытып шығыс жиек тұр жалындап,
Келеді үнсіз-түнсіз қыр жадырап.
Шық етіп топыраққа төгіп жатыр
Жапырақ қара түннің ызғарын ап.
Кеткендей бүгін мүлде ұзарып түн,
Қарашы зар қылғанын бұл жарықтың.
Күзетші жанарындай ұйқтамаған,
Көрінді көкжиектен қызарып күн.
Маңайды күн сәулесі тінтіп күллі,
Жазықта қалдырмады бір түкпірді.
Сауынға жеңгемді кім оятты екен,
Самал жел оятып жүр түртіп гүлді...