meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  27.05.2023
  95


Автор: Серікбай Оспанов

Қарт демеді, жас демеді...

Қарт демеді, жас демеді,


Аяп қалған жоқ өркенді,


Тас кереңнің тас кереңі


Өрт қаулады, жер өртенді.


 


Ойдан, қырдан, көктен тиіп,


Кім бар, не бар сынамаған?!


Қап-қара боп кеткен күйіп


Ағаштар тек құламаған.


 


Жермен несі алысқаны,


Кім жіберді бұл тажалды?!


Алашымның арыстары


Көз алдыма тұра қалды...





Пікір жазу