27.05.2023
  79


Автор: Серікбай Оспанов

Қумақшы болып мұңды ауыр...

Қумақшы болып мұңды ауыр,


Өрекпи  соқты бір дауыл.


 


«Жабырқау ғой,- деп – жан мына»,


Жапырақ құлады алдыма.


 


«Мұңая ма екен адам?!»-деп,


Сипалай берді самал кеп.


 


«Жұқартқансың ба жүйкеңді?» -


Дегені-ау,


Жел кеп сүйкенді.


 


Дегендей болып «Тұрсаңшы!»


Тырс етіп тамды бір тамшы.


 


Көңілге алып ем сәл секем,


 Көзімнен аққан жас екен.


 


«Неге еңсең түсіп жүр бүгін?»,-


Дей ме екен?


Төкті күн нұрын...


 


Жағдайымды кеп сұраған


Болған жоқ бақта бір адам.





Пікір жазу